Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысында үй карантинде отырған және коронавирус жұқтырған адамдармен байланыстағы адамдарға қатысты жаңа ереже қарастырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
COVID-19 жұқтырған және амбулаторлық ем қабылдап жатқан тұрғындар мен үй карантиніндегі науқастармен байланыстағы азаматтар Үй карантиніндегі ережені сақтау қажеттілігі жайлы қолхат жазуға міндеттеледі.
Айта кетейік, жаңа қаулыға сәйкес елімізде түнгі клубтар мен «қызыл» және «қоңыр» аймақтағы нысандарға демалыс күнінде де жүмыс істеуге рұқсат берілген болатын.