Қазгидромет 12-14 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Кезең ішінде ауқымды антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Тек солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі.
12 қазанда таулы аудандарда қатты жауын-шашын болады. Сондай-ақ, республика бойынша түнде және таңертең тұман, солтүстікте — көктайғақ, батыста және оңтүстікте шаңды дауыл болжанады.
Батыста және солтүстік-батыста күндізгі температура 20 градусқа дейін жоғарлайды, солтүстікте, шығыста және орталықта 15 градусқа дейін, оңтүстік аймақтарда 20 градусқа дейін жылы болжанады.