Келісім

Сайтты пайдалану ережелері

  1. Сайт (бұдан әрі – сайт) әкімшісі “UAKYT.KZ» ЖШС (бұдан әрі – компания).
  2. Берілген келісім арқылы сайтты Қолданушы төменде көрсетілген сайтты пайдалану Ережелерін түсінетінін және сөзсіз келісетінін растайды.
  3. Барлық материалдар “UAKYT.KZ» ЖШС және оның лицензиарларының меншігі. Зияткерлік меншік нысандарының, оның ішінде мәтіндер, фотосуреттер, аудиовизуалды материалдар, графикалық бейнелер, тауарлық белгілер, логотиптер және басқа да заттардың айрықша құқықтары “UAKYT.KZ» ЖШС тән.
  4. Қолданушының сайтты пайдалануы оның осы Ережелерді сақтауға келіскенін білдіреді. Егер Сіз бұл Ережелермен келіспесеңіз, өтінеміз, берілген сайтты қолданбаңыз.
  5. Қолданушы  “UakytNews.kz.” Бренді тауарлық белгі екенін мойындайды және Қолданушы оны “UAKYT.KZ» ЖШС жазбаша келісімінсіз пайдалана алмайды.
  6. Қолданушы Қазақстан немесе халықаралық, оның ішінде зияткерлік меншік, авторлық немесе аралас құқық саласындағы заңнаманы бұзу болып саналатын әрекеттерге бармауға, сондай-ақ сайттың қалыпты жұмысының бұзылуына алып келетін немесе алып келуі мүмкін қадамдарға қармауға келісім береді.
  7. Қолданушы танысу мақсатында сайттың материалдарын еркін пайдалана алады (сайттағы контентті алу және компьютер экранына шығару). Сайт материалдарын, оның ішінде мәтін, тақырып, тақырыпша, фотосуреттер, видео, аудиоматериалдар, көрнекіліктер, анимациялар мен басқа да материалдарды толықтай немесе ішінара басқаша пайдалануға тек уәкілетті Компания жазбаша рұқсатымен ғана рұқсат етіледі.
  8. Сайттың заңмен қорғалатын материалдарын көшіру, тарату, жариялау немесе басқаша пайдалануға рұқсат алған жағдайда, мұндай көшіру, тарату, жариялау немесе басқа да пайдалану кезінде мәтіннің бірінші немесе екінші сөйлемінде міндетті түрде материалдың өзіне жарамды сілтеме берілуі керек. Материалдың астында келесідей қолтаңба болуы керек: «дереккөз uakytnews.kz (сайт атауы)». Сайттан алынған фотосурет, видео, көрнекілік және басқа да материалдарды қандай да бір сипатта өңдеуге тыйым салынады.
  9. Сайтта жарияланған материалдарды заңсыз пайдаланған тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес материалдарды заңсыз көшіргені және пайдаланғаны үшін жауапкершілікке тартылады.
  10. Қолданушының сайтта кез-келген түрдегі жалған, жала, қорлайтын, алауыздық туғызатын материалды жариялауға, сайтта кез-келген спам немесе рұқсатсыз жарнамалық хабарламалары бар, бөтен адамның жеке өміріне араласуға жататын, заңнамамен қудаланатын немесе басқа да түрде кез-келген жергілікті, мемлекеттік немесе халықаралық заңдарды бұзатын материалдар орналастыруына құқы жоқ.
  11. Қолданушы авторлық құқық, тауарлық белгі, сауда маркасы, коммерциялық құпия немесе басқа да кез-келген үшінші тараптың жеке немесе мүліктік құқықтарын бұзуына болмайды.
  12. Компания сайтта сілтеме жасалған сайттарды рецензияламайды және ол сайттағы мәліметті сөзсіз қолдайтынын білдірмейді, сондай-ақ осы сайтта сілтеме жасалған басқа да сайттардағы материал мазмұны немесе іс-әрекеттерге жауапты емес. Басқа кез-келген сервис немесе сайтқа осы сайттан өте отырып, Қолданушы бар жауапкершілікті өзіне алады.
  13. Сайтта пост шығару жеке хат алмасуға жатпайды. Қолданушы Компания мен оның уәкілетті тұлғаларына Қолданушы сайтқа беретін немесе посттар орналастыру арқылы хабарлайтын кез-келген ақпаратты немесе материалды пайдалану, өзгерту, аудару, беру, тарату және сублицензиялау, кез-келген тасымалдаушыда кез-келген мақсатқа, оның ішінде коммерциялық мақсатқа пайдалануға өмір бойына, қайтарымсыз, айрықша емес құқық береді.
  14. Компания белгілі бір жағдайларда және өз қарауы бойынша авторлық және басқа да заңмен қорғалатын құқықтарды бұзған Қолданушылардың, жазылушылардың және аккаунт иелерінің сайтты қолдануына шектеуі қоюы мүмкін, сондай-ақ өз қарауы бойынша және хабарлаусыз сайтты Қолданушы орналастырған кез-келген материалды қарауға, өзгертуге, орнын ауыстыруға немесе жоюға құқы бар, бірақ міндетті емес.
  15. Компания сайтта қолданушылар қалдырған пікірлер, ой және мәлімдемелерді мақұлдайды,  қолдайды, тексереді немесе келіседі дегенді білдірмейді. Интернетте қолданушылар жариялаған кез-келген материалдар немесе ақпарат, оның ішінде кеңестер мен пікірлер сол қолданушылардың жеке пікірі, ол үшін “UAKYT.KZ» ЖШС жауапкершілік алмайды.
  16. Компания және оның үлестес тұлғалары сайттың үздіксіз жұмыс жасайтынына, ақау, қателіктер, берілетін ақпараттағы кемшіліктер мен олқылықтар болмайтынына, сервисті қолдану кезінде вирус жұқтыру мүмкін еместігіне кепілдік бермейді.
  17. Компания мен оның үлестес тұлғалары Қолданушы алдында сайтқа кіру немесе кіре алмау салдарынан туындайтын тікелей, жанама, арнайы, қосалқы немесе айыппұл түріндегі шығындар үшін, оның ішінде сайтты, сайттағы материал немесе ақпаратты қолдану кезінде жұқтырылған вирус үшін жауапты емес, бұл мұндай шығындардың мүмкін екендігі ескертілмесе де, барлық сипаттағы шағымдар немесе талаптарға қатысты қолданылатын қағида.
  18. Қолданушы сайттың барлық материалдары және сервистері немесе олардың кез-келген бөлігінде жарнама болуы мүмкін екенімен келіседі. Қолданушы сайт әкімшілігі мұндай жарнамаға байланысты қандай да бір жауапкершілік немесе міндеттемелер алмайтынымен келіседі.
  19. Сайтта қандай да бір материалдарды орналастыруына байланысты әкімшілік немесе үшінші тұлғалардың әрекетінен өзінің құқықтары мен мүдделері бұзылды деп санайтын Қолданушы келесі мекенжай бойынша Әкімшіге шағым жібере алады:  info@uakytnews.kz.
  20. Компания берілген Ережелерді аракідік ауыстырып тұруға құқылы. Мұндай өзгерістер туралы хабарлама сайтқа орналастырылады. Сайтты пайдалану Қолдаушының берілген Ережелерге енгізілген барлық өзгерістер және түзетулермен келісетінін білдіреді, сондықтан да осы парақшаны уақтылы тексеріп тұрған дұрыс.
  21. Кез-келген өтінішті мына мекенжайға жіберуге болады: info@uakytnews.kz.

Қолданушы берілген Ережелердің барлық тармақтарымен танысқанын және оларды сөзсіз қабылдайтынын растайды.

Егер Сіз жоғарыда көрсетілген Ережелермен келіспесеңіз, өтінеміз, сайттан шығып кетіңіз.