Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

9.3 C
Nur-Sultan
16.8 C
Almaty
15.3 C
Shymkent

Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғайтын бірыңғай ұйым құрылады

Танымал

Ел аузында

Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғайтын бірыңғай ұйым құрылады. Бұл туралы сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Асқар Тынысбеков айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оның атап өтуінше, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы құқықтық нормаларды жетілдіру мақсатында комитет заңнамаға өзгерістердің 2 -ші топтамасының тұжырымдама жобасын әзірлеген. Құжат осы жылдың маусым айында Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңестің бірінші отырысында талқыланып, Ашық НҚА порталында жария талқылау үшін орналастырылған.

«Заңның (Тұтынушылар құқығын қорғау туралы Заң) 2-ші топтамасы қажетті түзетулерді қарастырады. Атап айтқанда, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі бірыңғай жалпыұлттық коммерциялық емес ұйымның жұмыс істеуі үшін заңнамалық негіз қалау ұсынылады. Бұл еліміздегі барлық үкіметтікемес ұйымдарды біріктіріп, нығайтады. Екіншіден, тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі омбудсмен институтын енгізу жоспарлануда. Ол халық пен қоғамдық бірлестіктердің дауысы болады», – деді комитет басшысы.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Дене шынықтыру, спорт, туризм, білім және ғылымды дамытудың басым ғылыми-педагогикалық бағыттары» атты III Халықаралық Форум өтті

Қазақ спорт және туризм академиясында 2025 жылғы 10-11 сәуір аралығында «Дене шынықтыру, спорт, туризм, білім және ғылымды дамытудың басым ғылыми-педагогикалық...