Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

9 C
Nur-Sultan
16 C
Almaty
13.3 C
Shymkent

Арон Атабек жансақтау бөліміне түскен

Түрмеден шыққанына көп бола қоймаған диссидент ақын Арон Атабектің денсаулығы нашарлап,жансақтау бөліміне түскен.

Танымал

Ел аузында

Бұл жөнінде Арон Атабектің қарындасы Рәзия Нұтышева хабарлады. 

Оның сөзіне қарағанда, өткен аптаның соңында Арон Атабектің жағдайы нашарлаған. Бұдан соң ол жеке бір емханаға жатқызылыпты.

– Қазір жағдайы онша емес. Тамақ іше алмайды. Ауруы асқынып жатыр. Әлгінде ауруханадан шыққаннан кейін он күндей үйде емдедік қой. Ол кісі ауруханаға жатудан бас тартқан. Үйде емделгеннен кейін жағдайы тіпті нашарлап кетті. Ол әдетте ештеңеге шағымданбайтын. Өткен жұмада тынысы тарылып жатқанын айтты. Қорқып кеттім. Түрі де онша емес болып тұрды. «Жеке клиникамен келісім жасастым, ауруханаға жатасың ба?» деп едім. Ауруы жанына батса керек, «иә» деді. Сүйтіп, жедел жәрдем көлігін шақырдым. Ауруханаға жатқызды, – депті Рәзия Нұтышева.

Оның сөзіне қарағанда, Арон Атабек қазір жасанды тыныс аппаратымен дем алып жатыр. Ауруханаға келгеннен кейін жағдайы сәл де болса оңалған. Есін жиып, өз-өзіне келгеннен кейін қайта үйге барғысы келіп отыр – дейді қарындасы. Әдетте реанимацияға дәрігерлер ешкімді кіргізбейді. Сол себепті қарындасы бауырының жағдайын дәрігерлер арқылы біліп отырғанын айтты.

Диссиденттің қарындасы Арон Атабектің нақты қай ауруханада жатқанын айтпаған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматыдағы комьюнити-орталықтарда жастарға арналған диалог алаңдары өтуде

Алматы қаласында Жастар саясаты басқармасының қолдауымен барлық комьюнити-орталықтарда жастардың дамуына және олардың өзін-өзі жүзеге асыруына мүмкіндік беретін түрлі диалогтық...