Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

17.8 C
Nur-Sultan
19.5 C
Almaty
23.3 C
Shymkent

Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

Блогер алаяқтық жасады деп айыпталуда

Танымал

Ел аузында

Танымал қазақстандық блогер алаяқтық жасады деп айыпталды. Әлеуметтік желіде 20 адам алаяқтықтың құрбаны болғандығы туралы хабарлама жариялаған. Олар 700 000 теңгеге Түркияда табысты бизнес жүргізу бойынша курс сатып алған. Алайда алданған азаматтар курсты да, ақшасын да ала алмаған, тіпті қорлық көрген, деп хабарлайды Алматы арнасы.

«Мен мұндайды қасыма да тілемейтін едім. Шетелге келіп, ақша берген соң телефонымды тартып алды. Содан кейін олардың бірі маған Ұлдананың мінезі ауыр екенін және одан кешірім сұрағаным дұрыс болатынын айтты. Кешірім сұраудан басқа амалым қалмады», – деп мәлімдеді жәбірленуші Ақгүл Мұратқызы.

Блогер Ұлдана Ерқасым өз кінәсін мойындамаған, керісінше, өз клиенттеріне қолдау көрсетіп, шарттың барлық талаптарын орындағанын мәлімдейді. Алайда Ақтау қаласының полиция басқармасы алаяқтық фактісі бойынша арыз түскенін хабарлады. Қазір тексеру жүргізілуде. Зардап шеккендердің саны әлдеқайда көп болуы мүмкін.

«Біз қазір курс ұйымдастырушыларын Түркияға кіріп, басқаларды алдай алмайтындай етіп депортациялауға тырысып жатырмыз. Өйткені, егер олар депортацияланса, алдағы 5-6 жылда Түркияға кіре алмайды», – деді заңгер Айгүл Орынбек

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

2000-ға жуық азамат қатысқан марафонда полицейлер жеңіске жетті

Түркістан облысында 1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай “Тұрақтылық-татулық тұғыры” атты марафон ұйымдастырылды. Оған облыстың 18-29 жас аралығындағы 2000-ға жуық...