Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

25.3 C
Nur-Sultan
31.8 C
Almaty
35.1 C
Shymkent

ПТР-тест тапсырмаған адамды жұмыстан шеттету заңға қайшы ма?

Танымал

Ел аузында

ПТР-тест тапсырмаған адамды жұмыстан шеттету заңға қайшы емес екен. Бұл жайында бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов айтты. 

«Дүйсенбіден бастап Денсаулық сақтау министрлігінің тиісті нормасы күшіне енді. Оған сәйкес, жұмыс беруші вакцина алмаған немесе ПТР-тест тапсырмаған адамды жұмысқа кіргізбейді», – дейді Төлеген Оспанқұлов.

Оның айтуынша, COVID-19-бен ауырған адамды жұмысқа жібермеу керектігі туралы заңда тікелей норма болмағанымен, Еңбек кодексінің 48-бабының 1-бөлігінде заңнамалық және мемлекеттік органдар шығарған актілер негізінде еңбектен шектеуге жол берілетіні көрсетілген.

«Денсаулық туралы кодекс бойынша, санитарлық дәрігердің қаулысы міндетті түрде орындауға жататын құжат болып саналады. Сол себепті жұмыс беруші адамды жұмыстан шеттете алады. Тіпті жұмыстан шеттетілген уақытта айлық төлемеуіне де болады», – дейді еңбек инспекторы.

Егер екіжақты келісім болса, айлықтың 50 пайызын немесе ең төменгі еңбекақы мөлшерін төлей алады екен. Ол үшін екі жақтың да келісімі болуы тиіс.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного органа. В нем приняли участие помощник Президента по правовым вопросам...