Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-6 C
Nur-Sultan
-2.1 C
Almaty
2.3 C
Shymkent

Майра Мұхамедқызы: Әйел үйде әйелдік қызметін атқаруы керек

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, “Құрмет”, “Отан” орденінің иегері, қазақтың тума таланты Майра Мұхамедқызы өнер мен басшылық тізгінді қатар алып келеді.

Танымал

Ел аузында

Әнші сахнада ән айтып, қоластындағы жұмысшыларын қадағалайды. Отбасында әйелдік, аналық қызметін атқарады. 

Бұл туралы “Әйел әлемі” бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Майра Мұхамедқызы Париждегі Гранд операда ән салған алғашқы қазақ әншісі. 2021 жылдан бастап Шымкенттегі опера және балет театрына басшылыққа келді. Бір топ қарсы шықса да, миллиардтаған қытай арасынан суырылып шыққан қазақ әншісі өзін дәлелеп берді. Өзін қазақ өнеріне арнады. 

“Мен алғаш Шымкентке басшылыққа келгенде әкімдер қандай опера қоясың деп сұрады. Мен ойланбаста “Домалақ ана” деп жауап бердім. Қысқа уақыт ішінде соған дайындалдық. 33 рет қойдық. Бұл әлемдік рекорд. Мұндай рекорд болған емес. Европада жұмыс істеп көрдім. Ол жақта бір опаре асып кетсе, 16 рет қойылады. Мен бұрыннан әр киімнің дизайнын, матасын, қандай жіп, қандай мата қалай келетінін біліп өскенмін. Әр сахнаға киетін киімнен бастап, көрнекілігі, декоры, ұйымдастырушылық жағын көріпі, біліп, тексеріп, қызығып өстім. Өзімді сахнаға арнадым. Театр сахнасын жаныммен сүйдім. Содан болар маған оның ешқайсысы қиын емес. Өзім әншімін, өзім басшымын, өзім ұйымдастырушымын”, – дейді Мұхамедқызы. 

Әншінің әр қойылымы кезінде жолдасы мен 9 жастағы қызы жанында. Қолдау көрсетеді. Жанынан табылады. 

“Менің жағдайымды түсініп, маған қолдау көрсетіп жүрген жолдасым алғыс айтамын. Әйел үйде әйелдік қызметін атқаруы керек. Ана болу керек. Мен де басшымын деп жатпаймын. Тамақ жасаймын. Театрдың жұмысы бітсе, үйдің жұмысы дайын тұрады. Осы ретте жолдасыма үлкен алғысымды айтам”, –дейді ол. 

Әнші анасының ақылын әсте есте ұстайды. Анасына бар сырын ақтарып өскен ол қызына сол ақылды үйретіп келеді. 

“Анаммен сырлас еді. Бәрін ақтара айтатынмын. Маған айтқан кеңесі де есте. Үйге күліп кір. Сенің қабағыңнан үйдің берекесі орнайды дейтін. 60 жыл әкеммен бірге тұрды. Оған жеткен де, жетпеген де бар. Ән айтты. Әншілікті тастаған жоқ. Қанша баланы өмірге әкелді. Сен де үлгер. Өнерден кетпе дейтін”, – деді Майра ханым. 

Әнші 43 жасында ана атанып, қызын өмірге әкелді. Ақылды болып өскен қыз баласының кей сұрақтарына тосылып жауап таба алмайтын сәттері болады.

“Бірде 9 жастағы қызым сұрақ қойды. “Арғы өмірде кездесеміз бе?” деп сұрады. “Мен сізді қатты жақсы көрем, сізді сол өмірде көргім келеді” деді. Мен жауап таба алмадым. Өмір деген түсініксіз. Ертең не күтіп тұрғанын білмейміз. Мен “кездесеміз” дедім. Бала жүрегін ауыртқым келмеді. Мен қызым үшін ауырмауым керек. Қызым үшін күресуім керек. Сақ жүруім керек. Оны жеткізуім керек. Ол жақсы мен жаманды ажыратып, қиыннан өте алатын уақытқа келгенге дейін мен оның қасында болсам екен деп тілеймін”, – деді әнші ана. 

Майра Мұхамедқызы 100-ден аса қызметшіге басшылық етеді. Мейірімді басшы қаталдық таныта қоймайды. Алайда әрбір істі соңына дейін жеткізеді. 

“Кей басшылар секілді қатал емеспін. Өнер адамы болған соң бәрінің көңіліне қараймын. Бәріне жауапкершілікпен қараймын. Басшылықпен қатар өнерді алып жүру керек”, – дейді Майра апай. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...