Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-2 C
Nur-Sultan
1 C
Almaty
3.3 C
Shymkent

Халық санағының мерзімі ұзартылды

Танымал

Ел аузында

Ұлттық статистика бюросы Sanaq.gov.kz сайтындағы онлайн-санақ функциясы 8 қарашаға дейін жұмыс істейтінін хабарлады

 Ұлттық статистика бюросы халық санағының негізгі кезеңі аяқталғанын, бірақ үй-үйді аралау және онлайн-санақтың жалғасатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Халық санағының негізгі кезеңі аяқталды. 8 қарашаға дейін нақтылау шаралары жүргізіледі. Sanaq.gov.kz сайтындағы онлайн-санақ функциясы да сол уақытқа дейін қолжетімді екенін хабарлаймыз. Іс-шараға қатысқан баршаңызға алғыс айтамыз!», – делінген ресми хабарламада.

Айта кетері, халық санағының негізгі кезеңі 1 қыркүйекте басталып, 30 қазанда аяқталған. Басында тек онлайн-санақ жүргізілді. Ал бір айдан кейін статистика мамандары үй-үйді аралап, санақ парақтарын толтыра бастады. Бірақ оларға есік ашпаған адамдар аз емес. Содан 21 қазанда онлай-санақ қызметі қайтадан іске қосылды.

27 қазанда ұлттық статистика бюросы халықты санақпен қамту көрсеткіші 18 111 266 адамға немесе 95,2%-ке жеткенін хабарлады. 

Алматы қаласы жоспарды 108,2%-ке орындап, көш бастап тұрған. 1 тамыздағы жағдай бойынша мегаполисте тұрақты тұратындардың саны 2 005 496 адамды құраған. Онлайн санақ пен интервьюерлер жүргізген сауалнаманың аралық нәтижесі қазіргі уақытта қалада 2 170 715 респондент бар екенін көрсетті.

Сол сияқты Жамбыл (101,5%), Алматы (101,4%), Түркістан (100,7%) облыстары мен Шымкент (100,6%) қаласында нақты тұратын халықтың саны көп болып шықты.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...