Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-5 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
8.3 C
Shymkent

Пробация қызметі сотталушыға көмек көрсетті

Танымал

Ел аузында

ШҚО бойынша ҚАЖД Солжағалау аудандық пробация қызметі бөлімінде 1979 жылы туған Денис Сергеевич Коробицын 2020 жылдың тамыз айынан бері сотталған азаматтар есебінде тұр.

Оған өткен жылы шілде айында ШҚО Өскемен қаласы №2 сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 188 бабы 2 бөлігі 1 тармағына сәйкес 2 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылауға қойылған болатын. Сотталушы қазіргі уақытта жұмысқа жарамсыз, бір қолының жоқтығына байланысты, үшінші топтағы  мүгедек. Және осы уақытқа дейін жеке куәлігі болмаған. Осыған байланысты, кеше Солжағалау аудандық пробация қызметі бөлім инспекторларымен  бірлесіп  Өскемен қаласы мешіті және «Антарес-А» қоғамдық ұйымы тарапынан оған арнайы көмек  көрсетілді. Атап айтсақ, Өскемен қалалық мешіті атынан азық түлікпен қамтамасыз етілсе,  «Антарес-А» қоғамдық ұйымының көмегімен сотталушыға жеке куәлік алуға құжат дайындалуда. Жеке куәлік көшірмесі бір апта көлемінде дайын болады деп күтілуде. Сотталушыларды қоғамдық өмірге бейімдеу, алдағы уақытта түзу жолға түсіру мақсатында пробация қызметі бөлімі оларға мүмкіндігінше көмек қолын созуға әзір! Ізгілендіру шаралары алдағы уақытта да жалғасын таба бермек!

 Г.М.Таткенова, ШҚО бойынша ҚАЖД

Солжағалау аудандық

ПҚБ аға инспекторы

 әділет аға лейтенанты

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...