Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
9.3 C
Shymkent

Электронды темекінің зияны қандай?

Қазақстанда зияны ұшан-теңіз темекі түріне тәуелділер тыйылмай тұр.

Танымал

Ел аузында

Кәдімгі темекіден бөлек, бір рет шегетін электронды шылымды әсіресе мектеп жасындағылар жиі тұтынады екен. Ал мамандар мұның құрамындағы никотин темекіден 2,5 есе көп екенін айтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 

Терпавет Айжан Шанова бұл темекілердің құрамында жасөспірімнің ағзасына өте ауыр тиетін улы, химиялық заттар мен ауыр металдар бар дейді. Сондай-ақ кәдімгі шылымнан никотині екі есе көп. Әсіресе ағзасы толық жетіліп болмаған балалардың жүйке жүйесіне өте зиян.  

“Электронды темекі құрамы әртүрлі келеді. Түрлі химиялық қосындылар, никотин, формальдегид бәрі денсаулыққа өте зиян. Канцерогендік әсерлерден соң онкологиялық ауру тудыруы мүмкін”, – дейді терапевт Айжан Шанова. 

Депутаттар Үкіметтен осы мәселені шешуді сұрап отыр. Олар бір реттік электронды темекіні тәркілеп, сатылымнан мүлдем алып тастайық деген ұсыныс жасады. Қолданыстағы заңнама бойынша Қазақстанда 21-жасқа толмағандарға темекі бұйымдарын тұтынуға, сатуға тыйым салынған. Алайда интернет пен азық-түлік дүкендерін жаулап алған көк түтінді әзірге ешбір мекеме мамандары тексеріп жатқан жоқ.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...