"Қазақстан халқына" деген қорға қарағанда "Қазақстан халқынан" деген қор мықты жұмыс істейді!
"Пәлен - Түген бағытындағы ЖҮЙРІК пойызы 50 (10, 20, 30) минутқа кешігіп келеді..." деген жерде "жүйрік" дегенді айтпай-ақ қойыңыздаршы, өтініш. Ұятты.
"Мен халқымның ертең емес бүгін бақытты болғанын қалаймын"...Күшті сөз, ә) Бірақ, біз 2030-ды қиялдап үйреніп қалғанбыз, мына сөзге үйрене алмай жатқаным
"Біз сорлымыз, құлмыз, жалтақпыз" деп айта бермейікші! Ешқандай да сорлы емеспіз, құл емеспіз, жалтақтайтын ештеңе жоқ! Құйттай мемлекеттер де ел болып, еліне еге болып отыр ғой! Біз сабырлымыз! Парасаттымыз! Ойлымыз! Қажет кезінде қажет әрекетті жасаймыз!
Кезінде дипломын сатып алған мамандардың "жемісін" бүгін көріп отырмыз. Болашақта онлайн оқыған мамандар келеді. Бұл енді катастрофа.
Сүйінші! Алтын! Пекин Олимпиадасына Қазақстан құрамасы сапында кеткен спортшымыздың бірі алтын сағат сатып алып алыпты. Құтты болсын!
ЖОО -ындағы бала саны ең көп факультет заң факультеті, заң колледжі көп ел болсақ та құқықтық сауатымыз аз екенін кешегі митинг көрсетті.
LRT-ны жемқорлыққа қойылған ескерткішке айналдыру керек. Тіпті, әр бағанға жемқордың суретін салып қойса да артық емес
Талап қойып көшеге шыққан халыққа құлақ асу керек. Талабын тыңдап, диалогқа шақыру керек. Интернетті бұғаттау - шешім емес.
Теңіз кенішінен жұмыстан шығарылмақ 39 мың адам билік үшін 39 мың бомба. Тез шешу керек.
Каспи голдтың да алтын дәуірі аяқталды. Қайтадан үңгірге оралдық.
Біздегі бизнес тренинг: Қытайдан, Түркиядан тауар әкеп сатамыз!
Көршім айтады, “Ипотекаға үй алайын десем то айлығым жетпей қалады, то асып кетеді” дейді. Біздің баспана бағдарламалары бас айналдырарлық қой шіркін...