Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
3.3 C
Shymkent

Сауда министрлігі Wildberries-ке қатысты жағдайды түсіндірді

Танымал

Ел аузында

Танымал Wildberries сауда алаңы Қазақстандағы сервистен шыққан ақауды жоюмен айналысып жатыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

14 наурызда Wildberries Интернет-дүкенінің жұмысында техникалық ақаулар байқалған.

«Компания сол күні негізгі функционалын қалпына келтірді, компанияның АТ-мамандары ақауларды жою бойынша жұмысты жалғастырып жатыр: 17 наурызға қарай олардың саны 40 есе азайды», – делінген хабарламада.

Wildberries кейбір бөлімдер істен шығуы мүмкін екенін ескертті. Оның ішінде ағымдағы тапсырыстар көрсетілмейді.

«Барлық тапсырыс міндетті түрде сатып алушыларға жеткізіледі. Егер тапсырысты алуға арналған код сатып алушының қосымшасында немесе сайтта көрсетілмесе, онда тауарды беру пунктінде жеке басын куәландыратын құжатты көрсете отырып алуға болады», – делінген хабарламада.

Компания дербес және қаржылық ақпарат, оның ішінде банк карталарының деректері зардап шекпегенін және қауіпсіз қоймада екенін хабарладады.

Беру пункттері немесе курьерлік қызмет арқылы тиісті сападағы тауарларды қайтару мерзімі ұзартылды. Бұдан басқа, тапсырыстарды беру пункттерінде тауарларды сақтау мерзімі автоматты түрде ұлғайтылды.

Ақауларды түзету күйін жедел бақылау және Wildberries-тен кері байланыс алу үшін сатып алушыларға арналған телеграм-арнасы құрылды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...