Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-9 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
-1.7 C
Shymkent

Депутат Дәулет Тұрлыхановтың тағы бір ұлы әйелді ұрды деп айыпталды

Танымал

Ел аузында

Танымал спортшы, Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов екінші ұлымен болған оқиғаға қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Massaget.kzтілшісі.

Әлеуметтік желіде Дәулет Тұрлыхановтың тағы бір ұлы Әкежан қызды соққыға жыққаны туралы ақпарат пайда болды. Мәжілісмен бұл жағдайдан бейхабар болғанын, жаңа ғана білгенін айтты

«Олар – ересек адамдар. Оны өздері шешеді», – деп түсіндірді Тұрлыханов.

Сондай-ақ, депутаттан ұлдарының мұндай әрекеті абыройына кедергі келтіреді деп ойлайсыз ба деген сұрақ қойылды.

«Ондай бар. Бұл жаңалықты дәл қазір сізден естіп тұрмын», – деді Мәжіліс депутаты.

Тұрлыханов ұлымен әңгімелесуге уәде берді. Мәжілісменнің айтуынша, ол ешқашан әйелдерді ұрмаған.

«Мен тек кілемде күрестім», – деп жауап берді ол.

«Отставкаға кетесіз бе?» деген сауалға мәжілісмен «уақыт көрсетеді» деп жауап берді.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда әскери қызметкер белгілі адвокатты соққыға жыққаны хабарланған болатын. Бұл оқиға 11 ақпанға қараған түні Алматының сауда орталықтарының бірінің маңындағы паркингте болған. Іс қоғамдық дау тудырды.

Бұл оқиға туралы адвокат Олег Черновтың әйелі Анна Димитриевич Facebook-парақшасында жазған. Олар таксиге отыра бергенде бір жігіт жүгіріп келіп, соққыға жығылған қызға көмектесуін сұраған.

Алматы ПД бұл дерек ҚР Қылмыстық кодекстің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлады.

Ал кейін адвокатты соққыға жыққан әскери қызметкер грек-рим күресінен қазақстандық және бұрынғы Кеңес Одағының палуаныДәулет Тұрлыхановтың ұлы болып шықты. Бұл ақпаратты Тұрлыхановтың өзі растаған болатын. Ол ұлына қатысты дауға көзқарасын білдіріп, кешірім сұрады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

За два дня врачи Медцентра УДП провели 16 сложных операций в области Жетысу

В области Жетысу продолжается медицинская акция «Дни Медицинского центра Управления делами Президента РК». Во второй день ведущие врачи Больницы...