Қазақстанда 30 градус ыстық болады

Танымал

Ел аузында

Синоптиктер 7-9 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес алдағы күндері республиканың көп бөлігінде найзағай ойнап, жел соғады, жаңбыр жауады. 8-9 қыркүйекте солтүстік-батыста, 9 қыркүйекте елдің солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Қазақстанның оңтүстік-шығысында таулы аудандарда түнгі уақытта жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болжанады.

«Республиканың солтүстігінде, шығысында, орталығында күндіз ауа температурасы біртіндеп 18-25 градусқа дейін көтеріледі, ал Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында 13-23 градусқа дейін төмендейді, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында негізгі ауа температурасы 22-30 градус деңгейінде болады», – делінген хабарламада.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ұрпақ болашағына қызмет еткен ғалым

Еліміздің гидрогеология саласының дамуына елеулі үлес қосып, саналы ғұмырын халқына қызмет етуге арнаған азаматтардың бірі – гидрогеология ғылымының ардагері,...