Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-6 C
Nur-Sultan
3 C
Almaty
12.3 C
Shymkent

Ермұхамет Ертісбаев Қазақстан Халық партиясының төрағасы болып сайланды

Танымал

Ел аузында

Қазақстан Халық партиясының басшылығы ауысты, енді партияға Ермұхамет Ертісбаев төрағалық етеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстан Халық партиясының сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, кезектен тыс съезд барысында партия төрағасы қызметіне Ермұхамет Ертісбаевтың кандидатурасы ұсынылып, бірауыздан мақұлданды.

Ал Қазақстан Халық партиясының бұрынғы басшысы, мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров төрағаның бірінші орынбасары болды.

Кезектен тыс съезд барысында Айқын Қоңыров Қазақстан трансформацияның күрделі әрі өтпелі кезеңін бастан өткеріп жатқанын айтты.

«Бұл процесте саяси партияларға маңызды рөл беріледі. Біздің партияның әділ демократиялық мемлекет құру туралы идеясы жан-жақты дамытуды талап етеді. Партияның трансформациясы жалғасып жатыр. Бұл үдеріс үздіксіз болуға тиіс. Партия басшылығы мен партия құрылымының құрамын тәжірибелі адамдармен толықтыру, мемлекеттік қызметте, өкілді органдарда, азаматтық секторда белсенді болу өзекті мәселе «, – деді Қоңыров.

Айта кетері, Ермұхамет Ертісбаев партия қатарына 2022 жылдың 18 наурызында қосылды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...