Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-22 C
Nur-Sultan
-3.1 C
Almaty
13.3 C
Shymkent

2020 жылғы Олимпиада жүлдегері допингпен ұсталды

Танымал

Ел аузында

Қазақстанның допингке қарсы ұлттық орталығы ауыр атлетикадан ҚР Ұлттық құрама командасының спортшыларын сынақтан өткізді. Тексеріс барысында допинг-сынамасы оң нәтиже көрсеткендер анықталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

Допинг анықталған спортшылар арасында 2020 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Игорь Сон да бар. Толық тізім мынадай:

  1. Абылай Әуелханов.
  2. Игорь Сон.
  3. Юлия Протасова.
  4. Руфина Шалқарова.
  5. Алексей Дроздов.
  6. Матвей Макрушин.

Айтылған барлық спортшы – Алматы облысының өкілдері. Тексеріс 2022 жылғы 9 ақпан мен 2 наурыз аралығында жарыстан тыс допинг-бақылау шеңберінде жүргізілген.

«ҚР Ауыр атлетика федерациясы бұл оқиғаға тергеу жүргізуге ниетті», – делінген хабарламада.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Тұтынушы құқығы заңмен қорғалған

Әрбір адамның өз құқығын білуі кез келген заңсыздықта өзін қорғаудың басты кепілі саналады. Бұл ретте ол тек өзіне ғана...