Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
3.3 C
Shymkent

Қазақстанда күн бұзылды: жүздеген адам эвакуацияланды

Танымал

Ел аузында

Қазақстанның жолдары мен елді мекендерінде 372 адам құтқарылды, оның ішінде 312-сі – бала, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігі 30 наурызда Шымкентті қоспағанда, басқа барлық аймақта дауыл болуы мүмкін екенін ескертті. Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық штаб құрылды, осындай штабтар Ақмола, Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында да жұмыс істейді.

Бір тәулік ішінде Нұр-Сұлтан, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай облыстарында 372 адам құтқарылып, эвакуацияланды, оның ішінде 312-сі – бала. Құтқару жұмыстарына ТЖМ, ІІМ, жергілікті атқарушы органдар мен жол қызметінің 539 қызметкері мен 277 техникасы жұмылдырылды. Жылыту пункттерінде 89 адам бар, оның ішінде 11-і – бала.

Сурет: ТЖМ баспасөз қызметі

Жолдардың жабық учаскелерінде 40 жылыту пункті дайындалды. Жолды қардан тазарту жұмыстары жалғасып жатыр. Қазір Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында тасжолдардың 111 учаскесі жабылды. Оның ішінде 52 жолдың республикалық және 59 жолдың облыстық маңызы бар.

Сурет: ТЖМ баспасөз қызметі

Дауыл жарияланған облыстардағы блокбекеттерде 1434 техника, оның ішінде 482 жүк көлігі мен алты автобус бар.

Сурет: ТЖМ баспасөз қызметі  

ТЖМ мәліметінше, 29 наурызда дауыл салдарынан Нұр-Сұлтан, Алматы, Алматы облысында алты адам зардап шекті, оның ішінде үш бала бар.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...