Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-13 C
Nur-Sultan
-3.1 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

Қазақстандықтардың 40 пайызы өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді – Еңбекмин

Танымал

Ел аузында

Қазақстандағы ЖОО түлектерінің 40 пайызы өз мамандығы бойынша жұмыс таба алмай жүр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Елімізде жұмыспен қамтылған халықтың 15 пайызының тек орта білімі бар. Олардың жұмыс табуы өте қиын. Түлектердің 40 пайыздан астамы өз мамандығы бойынша жұмыс таппайды. Жастардың 34 пайызы мамандықты өздері таңдамайды. Осындай жастар оқу бітіргеннен кейін ол сала бойынша жұмысқа тұрмайды, тұра алмайды. Сондықтан, оқушы мектеп қабырғасында өзіне не ұнайтынын шешетіндей мектеп қабырғасынан кәсіптік бағдар алуы керек, сонда ғана ол саналы түрде өзіне ұнайтын университетке түседі», – деді Біржанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

Ол жергілікті халықты жұмыспен қамту, ішкі нарықты қорғау үшін биыл шетелдік жұмыс күшіне арналған квоталар үшінші және төртінші санаттар, яғни жұмысшы мамандықтары бойынша 4700 адамға қысқартылғанын атап өтті. Тиісінше, үшінші елдерден тартылатын жұмыс күші азаяды.

«Бізде өздерімен ерекше сөйлесуді талап ететін адамдар санаты бар. Олар жастар. Көп жағдайда жастар жұмыспен қамту орталықтарына келмейді, көкейлеріндегі сұрақты қойып, қызмет алуға жүгінбейді. Сондықтан біз әлеуметтік портреттен көмекке мұқтаж адамдарды анықтауға мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе енгіземіз. Жұмысқа орналаспаған, оқымаған, орталыққа келмейтін адамдарға проактивті форматты қолданатын боламыз», – деді вице-министр.

Ондай адамдарды жұмыспен қамту орталықтарының мамандары өздері тауып, смс-хабарлама арқылы хабардар етіп, онлайн режимінде түрлі қызмет түрлерін көрсетіп, оқыту, қысқа мерзімді курстар ұсынып, немесе қоғамдық жұмысқа тартатын болады. 

«Біз бөлімшеге келмейтін адамдарға қол ұшын созу керекпіз», – деді Біржанов.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...