Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

10 C
Nur-Sultan
15 C
Almaty
21.3 C
Shymkent

Әлеуметтік желіде Шымкент полиция департаменті қызметкерінің былапыт сөз айтқан аудиосы таралды

Танымал

Ел аузында

Шымкент полициясы желідегі тараған аудио жазбаға қатысты қызметтік тексеру жүргізеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі. 

Шымкент қаласы полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Мөлдір Бекеева деп көрсетілген аудио жазба әлеуметтік желіде үлкен талқылауға түсіп жатыр. Онда әйел адамның қызметкеріне жекіп сөйлеп, былапыт сөздер айтқанын естуге болады. Тіпті жұмыстан босату жөнінде мәселе қарайтындығын жеткізген дауыс иесі, әдеп нормаларын сақтамай, аузына келген ағат сөздерді қарша боратқан.

Бүгін Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы, полиция генерал майоры Қайрат Дәлбеков бұл жағдай бойынша қызметтік тексеру жүргізілетіндігін айтты.

«Шымкент қаласы полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасына бейнежазбаға қатысты қызметтік тексеру жүргізуді тапсырдым. Қорытындысы бойынша нақты шешім қабылданатын болады» – делінген Қайрат Дәлбековтың жазбасында.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматыда алғаш рет қимыл-тірек жүйесінің сирек кездесетін кемістіктеріне шалдыққан балаларға бірегей оталар жасалды

Алматыдағы №2 Қалалық клиникалық балалар ауруханасы емдеу процесіне жаңа үрдістерді тұрақты түрде енгізіп отырады. Сөзімізге қазанның 13 мен 16...