Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

1 C
Nur-Sultan
14 C
Almaty
21.3 C
Shymkent

Қазақстанда 100-ге жуық үйді су басты

Танымал

Ел аузында

Қазақстанда су тасқыны басталғалы бері 100-ге жуық үй мен саяжайды еріген қар суы басып қалды, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

— Су тасқыны кезеңі басталғалы 85 тұрғын үй мен 15 саяжайды, алты елді мекендегі екі әлеуметтік нысанды еріген су басып қалды. Бұл ретте Павлодар және Ақтөбе облыстарындағы 43 үйден су бұрылды. Алдын ала 196 адам эвакуацияланды, оның ішінде соңғы 24 сағатта 74 адам, оның 139-ы уақытша эвакуациялау пункттеріне, 57-сі туыстарына орналастырылды, – деді құтқарушылар.

Ағымдағы тәулікте бес тұрғын үйді және 15 саяжайды су басу тіркелді, республикалық және бір облыстық маңызы бар жолдардың үш учаскесінде су тасқыны болды. БҚО Шалғын ауылында комиссиялық тексеру барысында төрт тұрғын үйді  су басып, 15 бас уақ малдың өлгені қосымша анықталды. Сондай-ақ, Қарағанды ​​облысы Теміртау қаласындағы Мырза стансасындағы бір тұрғын үйді еріген қар суы басқан. Жеті адам эвакуацияланды, оның бесеуі бала.

«Су басқан 42 тұрғын үй мен 15 саяжай, екі әлеуметтік нысан бақылауда, 22 жол учаскесінде қауіп бар, оның ішінде төртеуі республикалық, екеуі облыстық маңызы бар жолдар, 16-сы жергілікті, оның ішінде 14 жол учаскесінде су тасқыны бар»  деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Өңірлерде су тасқыны салдарынан болған төтенше жағдайлардың қаупін азайту мақсатында жергілікті атқарушы органдар мен Төтенше жағдайлар министрлігінің күшімен 2 270,4 мың м3 еріген суды сору, инертті материалдармен 21 891 қап төсеу,  250 м2 аумақта мұзды кесу жұмыстары жүргізілді. Жұмысқа Төтенше жағдайлар, Ішкі істер және жергілікті атқарушы органдардың 1067 адамы жұмылдырылды.

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, алдағы күндері Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Нұр-Сұлтан аумақтарында  қар түріндегі аздаған жауын-шашын күтіледі , ауа температурасы күндіз +50-ден + 200С-қа дейін, түнде -30-дан +90С-қа дейін. Ғарыштық мониторинг мәліметтері бойынша қар жамылған аумақ 40%-дан аз, қардың басым бөлігі орталық және солтүстікте байқалады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы торжественно открыт молодежный лагерь «Jas Camp 2024»: новые возможности для будущих лидеров

9 сентября 2024 года, в честь празднования Дня города, прошло торжественное открытие молодежного лагеря «Jas Camp 2024». В этом году...