Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

26 C
Nur-Sultan
26 C
Almaty
26.3 C
Shymkent

АЛМАТЫДА БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТЕДІ

Танымал

Ел аузында

«Түркітілдес журналистер қоры» қоғамдық қоры 2022 жылдың 8-9 сәуірінде Қазақстандағы Америка Құрама Штаттары дипломатиялық миссиясының қолдауымен,Алматы қаласында «Fake news. Fact-checking. Information manipulation» тақырыбына семинар-тренинг өткізеді.

Семинар-тренингтің ашылу салтанатына Қазақстандағы Америка Құрама Штаттарының Бас консулы Кэролайн Сэвидж қатысып, журналистермен кездеседі.


Британиядағы «Avrupa» медиа холдингінің басшысы Ватан Өз бен ВВС телеарнасының Нидерландтағы меншіктітілшісі Юсуф Өзкан медиа тренер болатын шараға Алматы қаласымен бірге Қазақстанның барлық облыс, аудан, аймақтарындағы телеарна, газет, сайт, радиоарналарда жұмыс істейтін БАҚ өкілдері қатысады.

Семинар-тренингтің басты мақсаты – журналистердің ақпарат алу және таратудағы кәсіби білігін арттыру, фактчек жасау тәсілдерін меңгерту, деректерді тексеру, жалған ақпаратпен күресуге үндеу.

“Түркітілдес журналистер қоры” ҚҚ

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Оқу орындары мен көшелерде интернет алаяқтарының алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Жетісай ауданындағы Ғ.Мұратбаев атындағы гуманитарлық-техникалық колледжде студенттер мен ұстаздарға интернет алаяқтарынан сақтану жолдары жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты...