Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

26.4 C
Nur-Sultan
26.5 C
Almaty
31.3 C
Shymkent

Сыртқы істер министрі: Қазақстан Ресейге қарсы санкцияларға қосылмайды

Танымал

Ел аузында

Қазақстан Ресей Федерациясына қарсы санкциялық қысымға қосылып, оның мүдделеріне нұқсан келтіретін қадамдарға баруға ниетті емес, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ҚР премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мәлімдеді.

«Біздің ел, әрине, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларымен енгізілген санкцияларды қоспағанда, санкцияларды мемлекетаралық қарым-қатынаста қысым жасау құралы ретінде қолдануға дәстүрлі түрде қарсы. Тәжірибе көрсеткендей, кез келген экономикалық немесе саяси санкцияларды пайдалану Осыған байланысты Қазақстан Ресей Федерациясына қарсы санкциялық қысымға қосылып, Ресейдің мүдделеріне қайшы келетін және біздің әріптестік рухымызға қайшы келетін қадамдарға баруға ниетті емес», – деді Мұхтар Тілеуберді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного органа. В нем приняли участие помощник Президента по правовым вопросам...