Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

1 C
Nur-Sultan
14 C
Almaty
21.3 C
Shymkent

Жаңа партиялардың тізімінде қайтыс болған адамдардың аты болған

Танымал

Ел аузында

Жаңа партиялардың тізімінде қайтыс болған адамдардың аты-жөні болған. Бүгін әділет министрі партияларды ресми тіркеуге не кедергі болғанын түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап. 

Әзірге үш партия құжат тапсырған: «Ел тірегі», «Байтақ», «Намыс». Бірақ белсенді топтардың құжаты бірнеше рет қайтарылыпты. 

Ұйымдастыру тарапынан бұзылушылық болған дейді министр. Кей жағдайда адамдардың жеке басын анықтайтын нөмір сәйкес келмесе, кейде мүшелер басқа партия өкілі болып шыққан. 

Тізімнен өмірден өтіп кеткен тұлғалардың да аты-жөні табылыпты. Адамдарды партия қатарына жаппай тіркеудің де себебі бар. Өйткені тіркеу рәсімі жеңілдетілген жаңа заң әлі күшіне енген жоқ. Сондықтан дәл қазір 20 мың жақтас қажет. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында саяси партияларды тіркеу шегін төрт есеге, яғни 20 мыңнан 5 мың адамға азайтуды тапсырған болатын. 

«Бұл ұйымдастырушылардың жұмысы. Олардың міндеті – тізімді  тексеріп, толық тексеріп, онда еш заңбұзушылық болмау керек. Егер олар құжаттарының бәрін дұрыс тексеріп тапсырса, онда тіркейміз. Қазір партияны тіркеу үшін ұйымдастыру тобының саны 1000 адамды қамтуы керек. Ал партияның мүшесі 20 мың болуы керек», – дейді ҚР әділет министрі Қанат Мусин.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы торжественно открыт молодежный лагерь «Jas Camp 2024»: новые возможности для будущих лидеров

9 сентября 2024 года, в честь празднования Дня города, прошло торжественное открытие молодежного лагеря «Jas Camp 2024». В этом году...