Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

5 C
Nur-Sultan
7 C
Almaty
15.3 C
Shymkent

Алматыда алма ағашын отау дерегі анықталды

Танымал

Ел аузында

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Медеу ауданы, Обсерватория көшесі, 5а мекенжайы бойынша алма бақтарын кесуге қатысты ақпарат анықталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасының қызметкерлері Медеу аудандық полиция басқармасымен, сондай-ақ мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасымен бірлесіп, жедел түрде оқиға орнына барған.

«Тексеруге барған кезде 21 алма ағашы кесілгені расталды. Осы оқиғаға қатысты тексеру актісі жасалып, 500 АЕК шығын есептеліп, тиісті шаралар қабылдау үшін Полиция департаментіне хат жолданды», – делінген хабарламада.

Медеу аудандық анықтау бөлімі ҚР ҚК 340-бабы бойынша «Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе бүлдіру» бойынша қылмыстық іс қозғады.

Қозғалған іс бойынша кінәсін толық мойындаған кезде табиғатты қорғау қағидалары бойынша 1050 ағаш көлемінде отырғызу көзделген.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Қызылордада визажист пробация есебіндегі азаматшаларға макияж жасауды үйретіп, сертификат табыстады

Қызылорда облыстық Жастар ресустық орталығында  визажист  Серік Арайлым қыз-келіншектерге  тегін шеберлік сабағын өткізді. Бұл шараға Қызылорда қалалық пробация есебіндегі...