Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-10 C
Nur-Sultan
5 C
Almaty
16.3 C
Shymkent

Ресей БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесіндегі өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатады

Танымал

Ел аузында

Ресей БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесіндегі өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтататынын айтты осы елдің ұйым жанындағы тұрақты өкілінің орынбасары Геннадий Кузьмин Бас ассамблея отырысында, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Кузьмин өкілдік 7 сәуірден бастап, Кеңестегі өз жұмысын тоқтататынын айтты.

«Ресей тарапы БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған Ресейдің БҰҰ АҚК мүшелігін тоқтату туралы резолюциясын тәуелсіз ішкі және сыртқы саясатты ұстанатын БҰҰ-ға мүше егемен мемлекетті қайсарлықпен жазалау мақсатында жасалған заңсыз және саяси астарлы қадам деп санайды», – деді дипломат.

Ресейдің БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитетіндегі мүшелігін тоқтату туралы қарарды 93 мемлекет қолдап, 24 мемлекет қарсы болып, 58 өкіл қалыс қалды. Құжатты Батыс елдерінің тобы дайындады, олардың арасында АҚШ пен Украина да бар.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Цифровой прорыв в госуслугах: за год казахстанцы оформили около 15 млн услуг через зоны самообслуживания

По итогам 2025 года жители Казахстана всё активнее пользуются возможностью самостоятельно получать государственные услуги в цифровом формате, сообщили в...