Дүниежүзілік банк Украинаға 1,5 миллиард доллар бөледі

Танымал

Ел аузында

Дүниежүзілік банк Украинаға 1,5 миллиард долларлық қолдау пакетін дайындап жатыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Польшадағы Варшава Экономика мектебінде сөйлеген Дүниежүзілік банктің президенті Дэвид Малпасс банк Украинаға маңызды қызметтерді, соның ішінде ауруханалардағы жалақы, зейнетақы және әлеуметтік бағдарламаларды ұсынуға көмектесіп жатқанын айтты.

Оның айтуынша, бір күн бұрын бұл 1 миллиард долларлық пакеттің бір бөлігін Дүниежүзілік банктің құрамына кіретін және мүше елдердің ерікті қайырымдылықтары арқылы кедей елдерге көмек көрсететін несие ұйымы Халықаралық даму қауымдастығы мақұлдаған.

Дүниежүзілік банк өкілі бұған қоса Халықаралық қайта құру және даму банкі (ХҚДБ) Украинаға 472 миллион доллар несие кепілдігін беретінін айтты.

Украинаға қолдау көрсету жоспары алдағы апталарда банктің директорлар кеңесінде қаралады.

Бұған дейін Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) мен Дүниежүзілік банк Украинаға 3 миллиард доллар көлемінде қаржылық қолдау пакетін әзірлейтінін хабарлаған болатын.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ҮМІТ СЫЙЛАЙТЫН ШЕШІМ: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА АҒЗА ДОНОРЛЫҒЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

Алматы облысы елімізде ағза донорлығы мен трансплантология саласын дамытуда жетекші өңірлердің бірі болып табылады. Өңірде донорлық үдерістер қолданыстағы заңнама...