«Жасыл даму» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Жанат Самат қызметінен кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл мәліметті ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры Олжас Беркінбаев растады. Оның айтуынша, Жанат Самат басқа қызметке ауысуына байланысты жұмыстан босаған. Еске сала кетейік, «Жасыл даму» АҚ басқарма төрағасы биылғы жылдың 1 ақпанында тағайындалған болатын.
«Жасыл даму» – қалдықтарды кешенді басқарумен айналысатын компания. Өнім қалдықтарын кешенді басқарудың бірыңғай жүйесін құру, осы қалдықтарды қайталама шикізат ретінде айналымға тартып, бизнестің кеңінен қатысуымен қоқыс өңдеу саласының инфрақұрылымдық дамуына жәрдемдесіп, «жасыл» технологияларды енгізеді.