Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

10 C
Nur-Sultan
11 C
Almaty
18.3 C
Shymkent

АҚШ Украинаға жаңа әскери көмек жолдайды

Танымал

Ел аузында

АҚШ президенті Джо Байден Украина басшысы Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесіп, Киевке жаңа әскери көмек беретінін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақ үй сайтына сілтеме жасап.

АҚШ басшысының сөзінше, Вашингтон «қару-жарақ, оқ-дәрі және Украинаның қауіпсіздік саласына басқа да көмек түрінде» қосымша 800 миллион доллар бөледі.

Байден АҚШ Киевке жаңа көмек аясында бұрыннан жеткізіліп жүрген қару-жарақ пен әскери техникадан бөлек, бронтранспортерлерді, артиллериялық жүйелер мен снарядтарды қоса алғанда «жаңа құралдарды» жіберуге ниетті екенін айтты.

«Мен қосымша тікұшақтардың берілуін де мақұлдадым», – деді Байден.

Оның айтуынша, қару-жарақ жеткізуден басқа, Америка құрама штаттары одақтастармен Украинаға айтарлықтай әскери көмек көрсетуге келісті.

Бұған дейін АҚШ Украинаға 300 миллион доллар көлемінде қосымша әскери көмек берген болатын.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Мемлекет мейірі: Жеке куәлік алған қарияның қуанышы

Құжат – адамның қоғам алдындағы айнасы, мемлекет алдындағы мәртебесі. Ол барда есік те ашық, мүмкіндік те мол. Ал онсыз...