Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

14.5 C
Nur-Sultan
21.2 C
Almaty
21.7 C
Shymkent

Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

БҰҰ Украинадан кеткен босқындар санын айтты

Танымал

Ел аузында

БҰҰ Украинадан кеткен босқындар саны 4,9 миллион екенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы Комиссары басқармасының сайтына сілтеме жасап.

БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссар басқармасы 24 ақпаннан бері Украинаның көрші елдермен шекарасынан 4 934 415 босқын өткенін хабарлады.

17 сәуірдегі жағдай бойынша, Польша шекарасынан 2 780 913 босқын өтсе, Румынияда – 743 880, Ресейде – 522 404, Венгрияда – 461 539, Молдовада – 423 852, Словакияда – 337 311, Беларусьте – 2396 босқын.


©REUTERS

Бұл сандарға қоса, БҰҰ БЖКБ 18-23 ақпан аралығында Украинаның Донецк және Луганск облыстарынан Ресейге 105 мың адам кеткенін хабарлады.

Одан бөлек, агенттік 7,1 миллионға жуық украиналықты ішкі босқындар деп есептейді және олардың саны «минут сайын артып келеді».

«Украинадағы қақтығыстың өршуі бейбіт тұрғындар қаза болуына және азаматтық инфрақұрылым қирауына әкеліп соқты, бұл адамдар қауіпсіздік, қорғаныс және көмек іздеп үйін тастап кетуге мәжбүр болды. Алғашқы бес аптада Украинадан төрт миллионнан аса босқын көрші елдердің шекарасын кесіп өтті, одан да көп адам ел ішінде көшіп жүруге мәжбүр. Олар қорғаныс пен қолдауды іздейді», – деді агенттік өкілдері.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Қайта оралған қазына: қалпына келтіру жұмыстарынан кейін Қабірхана есігіне қатысты тың деректер белгілі болды

Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі Қабірхана бөлмесінің есігі реставрациялық жөндеу жұмыстарынан кейін Әзірет - Сұлтан Ұлттық тарихи-мәдени музей қорығының «Сирек...