Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-5 C
Nur-Sultan
7 C
Almaty
14.3 C
Shymkent

Нұржігітов: Бәрі жақсы болса, халық баға тұрақсыздығына шағымданбас еді

Танымал

Ел аузында

Биыл қаңтар-наурыз айларында Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші 106,2 пайызға жетті.

Бұл туралы облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте айтылды.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова үш айдың қорытындылары туралы баяндады.

Ол өнеркәсіп саласындағы өсім 6,2 пайызды, ауыл шаруашылығы – 0,1,  құрылыс – 16,2, пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі – 5,1, инвестиция – 13 пайызды құрағанын жеткізді.

Қаржы басқармасының басшысы Жақсылық Сапаралиев бюджет қаражатының игерілуі барысын хабарлады.

Аймақ басшысы көрсеткіші төмен аудандардан жауаптар алып жұмысты ширатуды тапсырды.

Басқосуда қаралған келесі мәселе – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Бұл бойынша алғашқы болып баяндама жасаған ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Ербол Жиенқұлов көктемгі дала жұмыстарын атап өтіп, өнімдермен облыс халқының қамтылу деңгейіне тоқталды.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларына сәйкес жалпы облыс халқының тұтынуы үшін жылына 762,5 мың тонна. 19 әлеуметтік маңызы бар тауарларының 10 түрінен ішкі тұтынымды толық қамтамасыз етілсе, қалған тауарлар сырт өңірлерден тасымалданады. Сонымен қатар, өндірілген өнімнің экспортына 468,5 мың тоннасы шығарылса, ішкі тұтынымға қажеттілікті қажет ететін 49,0 мың тоннасы импортталды,- деді  Жиенқұлов.

Облыста жалпы сыйымдылығы 255,9 мың тоннаны құрайтын 236 қойма бар. Оның, 81 қоймасы мұздатқышпен десек, олардың сыйымдылығы 47,2 мың тонна. Бүгінде  52 қоймада 15,9 мың тонна өнім сақталуда.

Басқарма басшысының айтуынша, мерзімаралық кезеңді толық қажетті өніммен қамту үшін сыйымдылығы 40,0 мың тоннаны құрайтын мұздатқышы бар қоймалар қажет.

Облыс әкім қайта өндеу цехтарын салу, бар кәсіпорындардың жүктемесін еселеу,  ішкі қамтуды арттыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізудің маңыздылығын атап өтті.

Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағаларын тұрақтындыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде жеткізді.

Есеп бергенде бәрі жақсы, ал нақтысына келгенде олай болмай шығады. Бәрі жақсы болса, халық бағаның тұрақсыздығына қатысты шағымданбас еді еді. Мониторингтік топтардың жұмысы ойдағыдай емес. Зерделеу жүргізіп, нақты шаралар қолдану керек. Аудандарда тұрақтандыру қорларын ашу бойынша тапсырма орындалмай отыр. 10 күннің ішінде ұсыныстарыңызды жолдаңыздар,-дей келе Нұржан Нұржігітов бағаның тұрақтылығы қатаң бақылауда болуын, үстемақының шекті мөлшері сақталуын, дүкендерге әлеуметтік маңызы бар өнімдердің үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етуді жүктеді.

Сондай-ақ, аймақ басшысы мемлекеттік сатып алудағы бірқатар жайттарға айрықша назар аударып, “бір көзден” алу тәсілін тоқтатуды тапсырды.

Жиында жергілікті атқарушы органдардың халықпен кері байланыс орнату мәселесі де қаралып, облыс әкімі Тараз қаласы, аудан әкімдері мен басқарма басшыларына бұл жұмысқа немқұрайлы қарамау керектігін баса айтты.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...