Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-11 C
Nur-Sultan
3 C
Almaty
9.3 C
Shymkent

Алла қызымды «кішкене сынағымен» берді: Жасұлан Базарбаев қызы жайлы ерекше жазба жариялады

Танымал

Ел аузында

“Диета KZ” тобының әншісі Жасұлан Базарбаев қызына ерекше жазба арнады. Әнші қыз баласын ерекше жақсы көретінін айтып, сезімін білдірді. Көпшіліктен дұға тілеуін сұрады.

Үш баланың әкесі Жасұлан Базарбаев қыз баласын ерекше жақсы көретінін білдірді. Алладан сұрап алған жалғыз қызына деген мазаббаты ерекше. 

«Өмір. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін өмір. Мен қыз баланы қатты жақсы көрем. Менің Алла берген екі ұлым бар. Қызды қатты жақсы көргенім соншалық, көшеден танымайтын адамдардың кішкентай қыздарын көрсем, барып солармен сөйлесіп кететінмін. Бірде Қызылорда қаласында жүрмін. Алдымнан бір кішкентай қыз мамасымен келе жатыр екен. Өзі сүп-сүйкімді. Келе ғой десем, жатырқамай қасыма келді. Мені бұрыннан танитындай әңгімені соғып тұр. Құшақтап, екеуміз суретке түсіп мәз болдым. Қызды болсам деген арманым одан ары үдеді. Алла, маған қыз нәсіп етші деп шын жүрегіммен дұға жасадым. Дұғам қабыл болды”, – деп жазды әнші.

Көп ұзамай өзі де бір қыздың әкесі атанғанын қуанышпен жеткізді. Періште сәбиіне деген махаббатын жеткізіп, зор денаулық тіледі. 

“Бір жылдан соң сүп-сүйкімді, нәп-нәзік қызым өмірге келді. Бақыттан басым айналып, атын өзім қоям дедім. Есімді ұзақ таңдадым. Енді екі ұлдан кейін 8 жылдан соң Алланың берген маған хадиясы ғой. Әдемі ат қоям деп жүріп біраз уақыт өтіп кетсе керек, анам бір күні «сендерге уақыт бердім, созып жібердіңдер ғой. Қызым жанымда еркелеп жүрсін, атын Жанерке деп қоям» деді. Бірақ Алла ол қызды «кішкене сынағымен» берді. Бәріне көнеміз, шүкір етеміз. Алла қаласа әлі-ақ жақсы болып кетеді. Жанерке қызым бүгін 6 жасқа толды. Жаным, қызым, мен саған өмірдің бар жақсылығын тілеймін. Мен сені қалай жақсы көретінімді білсең ғой… Жүрегімдегі саған деген сезімімді айтып немесе жазып жеткізу мүмкін емес, сен мен үшін тәттіден де тәттісің. Ал ағайын, қасиетті болған айда шын жүрегіңізбен қызыма дұға жасап қойыңызшы», – деп жазды ол. 

Желі қолданушылары ізгі тілегін үйіп-төкті. Қасиетті айда көп дұға жасап, тілектестік білдірді. 

“Құдайым денсаулық берсін, жасы ұзақ болсын”, – деп жазды Ролан Қазретов. 

“Алла шипасын берсін”, – деді Еркін Нұржанов. 

“Аллаһ шипа берсiн!”, – деп жазды Нұрболхан Шарапов.

“Алла қуат берсін!”, – деді Бекжан Тұрыс.

“Өмір жасы ұзақ болсын. Балапандар ауырмасын”, – деді Ерболат Төлеген.

“Қызығы таусылмасын”, “Қызыңызға Алла шипасын берсін, туған күні құтты болсын”, “Қызыңызға Алла шипа берсін. Ақылды, иманды, ибалы қыз болып өссін. Дені сау болсын”, “Алла амандығын берсін! Бақытты ғұмырлы болыңыздар!”, “Көптің тілегі қабыл болсын”, “Қасиетті айда дұғаларымыз қабыл болсын”, – деп жазды желідегілер. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...