Кәрім Мәсімов тергеу изоляторында ұстау шарттарына шағымданған жоқ – ҰҚК

Танымал

Ел аузында

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов тергеу изоляторында ұстау шарттарына шағымданбаған. Бұл туралы ҰҚК мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. 

Бұған дейін әлеуметтік желіде мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен ұсталған Мәсімовтың денсаулық жағдайы күрт нашарлағаны және бостандыққа шығару керегі туралы ақпарат тараған еді. 

«Мәсімов К.К. уақытша ұстау изоляторында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес материалдық-тұрмыстық және медицина-санитарлық тұрғыдан қамтылған. Қамауда ұстау шарттарына байланысты, соның ішінде медициналық қамтамасыз етуге шағымданған жоқ», – деп мәлімдеді Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегілер.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ТҮРКІСТАН ПОЛИЦИЯСЫ ШЕТЕЛДІК ТУРИСТІҢ ЖОҒАЛҒАН ТЕЛЕФОНЫН ТАПТЫ

Түркістан қаласына отбасымен саяхаттап келген БАӘ азаматы Desai Dev Ketan ұялы телефонын абайсызда такси көлігінде қалдырып кеткен.Шетелдік турист қонақүйден...