Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-11 C
Nur-Sultan
3 C
Almaty
9.3 C
Shymkent

«Қателеспейтін адам болмайды»: Бақыт Шадаева Димаш жайлы айтқан сөзі үшін кешірім сұрады

Танымал

Ел аузында

Бақыт Шадаева Димаштың жанкүйерлерінен кешірім сұрады. Әнші айтар ойым бұрмаланып кетті деп ақталды. Бұл жанжал үшін емес, жанашырлықпен айтылған әңгіме дейді.

Бұл туралы Бақыт Шадаева “1001 түн” бағдарламасының тікелей эфирінде айтты. 

Әнші Димаш жайлы әңгіменің неден шыққанын түсіндірді. Әнші жас әріптесіне жанашырлықпен кеңес айтпақ болғанын айтып ақталды. 

“Соңғы кезде Димаш жайлы айтқан сөзім бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Небір ауыр сөздер айтылып жатыр. Димашты қолдағандар көп, маған жазып жатқандар көп. Менің айтпақ болған ойымды дұрыс түсінбеді. Мен орысша ойлап, соны қазақшаға аударып айтамын. Димаш жайлы айтқаным да солай болды. Біз Димашты отбасымызбен жақсы көреміз. Димаштың ата-анасымен де бірге жүрдік. Димаш туғаннан бастап оның әншілік қырын білемін. Даусының керемет екенін білемін. Менің айтқым келгені –баланы жастайынан ашу керек. Даусын ерте бастан қою керек. Оқу ешқашан артық болмайды. Әнші болар балаға уақытында дұрыс бағыт беру керек дегенді айтпақ едім. Өнер адамдары қандай жағдайда да сынды қабылдауға дайын болу керек. Бірақ сөзім бұрмаланып кетті. Жанмен өзім ғой деп әңгімелесіп отырып айттым. Бұл сөз бәрін шарлап кетті”, – деді Шадаева. 

Бұл ретте Димаштың ұстазы Майра Дәулетбақ та өз ойын айтып, әріптесіне жауап берді. 

“Димаш жастайынан даусы қойылған, барлық мектептен өткен, музыкалық қандай мектеп болса, соның бәрін оқыған әнші. Педагогикалық мәдениет деген болады. Біз бәріміз бір ортада жүрген соң артық әңгіме айтылмауы керек еді. Димаштың мектебі жоқ деген сөздер қандай мақсатты айтылғанын білмеймін”, – деді ұстазы. 

Шадаева Димаштың, сондай-ақ бүкіл қазақ халқынынан кешірім сұрады. 

“Бір жағынан осындай сөзді бұрмалап, одан хайп жасап, шуға айналдырғандардың өз кінәсі де бар. Бірақ мен жанкүйерлерден кешірім сұраймын. Димашты қолдаушылар көп. Оны көріп жатырмын”, – деді әнші. 

Айта кетейік, бұған дейін Бақыт Шадаева Димаш Құдайбергенді даусы дұрыс қойылмаған әнші деп атаған еді. Бұл пікірі көпшілік арасында қызу талқыға түсті. 

Меруерт Түсіпбаева құрбысы Бақыт Шадаеваның Димаш жайлы айтқан пікіріне қарсы шықты. Бұл өзін танытудың әдісі деп мысқылдады. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...