Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

8 C
Nur-Sultan
13 C
Almaty
15.3 C
Shymkent

«Өте күрделі мәселе»: Сенат төрағасы Қазақстанның қарызы жайлы пікір білдірді

Танымал

Ел аузында

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстанның сыртқы қарызы жайлы пікір білдірді. Сенат кулуарында журналистер сұрағына жауап берген Әшімбаев бұл мәселеге алаңдаушылық танытты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Бұл өте күрделі мәселе. Біз мемлекеттік қарыз бойынша сауалды былтыр да көтердік, қарыздың ұлғайып баратынын сынға алдық. Бюджетті талқылау аясында мемлекеттік қарыз туралы сауалды қайта қарастырамыз», – деді сенат төрағасы. 

«Ұлттық қордан алынатын мақсатты трансферттің көлемін азайтуды сенаторлар үкіметтен талап ете ме?» деген сауал Әшімбаевқа қойылды.

«Қазір айту қиын. Кеше ғана жобаны мәжілістегі әріптестеріміз қарастырды, бүгін бізге бюджет жобасы түсуі тиіс. Оны зерттеп, жіті қарап, сұрақтар болса, міндетті түрде көтереміз, үкімет мүшелерімен сөйлесеміз», – деді Сенат спикері. 

Сенаторлар бюджетке енгізетін өзгерісті 5 мамыр күні қарастырады. 
20 сәуір күні мәжіліс 2022 жылға арналған бюджетке енгізілген өзгерістерді мақұлдады. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматыда алғаш рет қимыл-тірек жүйесінің сирек кездесетін кемістіктеріне шалдыққан балаларға бірегей оталар жасалды

Алматыдағы №2 Қалалық клиникалық балалар ауруханасы емдеу процесіне жаңа үрдістерді тұрақты түрде енгізіп отырады. Сөзімізге қазанның 13 мен 16...