Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

21 C
Nur-Sultan
22 C
Almaty
25.3 C
Shymkent

Түркіменстан астанасында әйелдерге көліктің алдыңғы орындығына отыруға тыйым салынды

Танымал

Ел аузында

Түркіменстан астанасы Ашхабадта жергілікті әйелдерге көліктердің алдыңғы орынына отыруға тыйым салынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Turkmen.news басылымына сілтеме жасап. 

Жүргізушінің жанында ер туысы болса да, отыруға тыйым салынады.

«Әңгіме мемлекеттік немесе жеке таксилер туралы ғана емес. Ең сорақысы – қасыңда әкең болсын, ағаң болсын, күйеуің болсын, жүргізушінің қасында әйел отырмауы керек. Егер әйелдің көлік алдында отырғанын көрсе, тоқтатып, кері қайтуын талап алады», – дейді Ашхабад тұрғыны.

Сонымен қатар артта әйел отырған кезде оның қасына тек бір адам отыра алады. Артқы орындықта үшеу болып отыруға да тыйым салынған.

Айта кетейік, 2018 жылы Түркіменстанда әйелдерге көлік жүргізуге тыйым салынды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Оқу орындары мен көшелерде интернет алаяқтарының алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Жетісай ауданындағы Ғ.Мұратбаев атындағы гуманитарлық-техникалық колледжде студенттер мен ұстаздарға интернет алаяқтарынан сақтану жолдары жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты...