Айгүл Әділова «Хабар 24» телеарнасының директоры болып тағайындалды

Танымал

Ел аузында

Айгүл Әділова «Хабар 24» телеарнасының директоры болып тағайындалды. Бұл туралы «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы Берік Уәли мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Хабар 24″ телеарнасының директоры болып белгілі тележурналист, тәжірибелі, білікті маман Айгүл Әділова тағайындалды», – деп жазды ол Facebook парақшасында.

Берік Уәли Әділованың осыған дейін «Еуразия» бірінші арнасында тілші, сараптамалық бағдарламалар редакторы, бірқатар тележобалардың жетекшісі болғанын, «Хабар» агенттігінде еңбек етіп келе жатқанына 7 жылдан асқанын, тілші, редактор, жүргізуші болып, жаңалықтар және сараптамалық хабарларға жетекшілік еткенін, БАҚ саласындағы бірнеше республикалық байқаудың жеңімпазы екенін айтты.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ТҮРКІСТАН ПОЛИЦИЯСЫ ШЕТЕЛДІК ТУРИСТІҢ ЖОҒАЛҒАН ТЕЛЕФОНЫН ТАПТЫ

Түркістан қаласына отбасымен саяхаттап келген БАӘ азаматы Desai Dev Ketan ұялы телефонын абайсызда такси көлігінде қалдырып кеткен.Шетелдік турист қонақүйден...