Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

9 C
Nur-Sultan
6 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

Қасым-Жомарт Тоқаев Назарбаев университетіне барды

Танымал

Ел аузында

Қасым-Жомарт Тоқаев Nazarbayev University-не барды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы жоғары оқу орнының білім беру, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен және университетті одан әрі дамыту стратегиясымен танысты.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа кампусты, ғылыми орталықтар мен зертханаларды дамыту жоспары көрсетілді. Сонымен қатар, Қазақстан Президентіне ғылым, денсаулық сақтау, цифрландыру, ауыл шаруашылығы, экология және спорт салаларындағы әртүрлі білім беру жобалары мен бағдарламалары таныстырылды. Университет осы жобалар мен бағдарламалар арқылы Мемлекет басшысының бастамаларын жүзеге асыруға өз үлесін қосып келеді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа университеттің шетелдік жетекші ғылыми, білім беру орталықтарымен ынтымақтастығы, медицина және инновациялық кластерлердің жұмыстары, сондай-ақ оқу орны түлектерінің стартап-жобалары жөнінде мәлімет берілді.

Мемлекет басшысы Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институтының жобаларымен және Энергетикалық ғарыш зертханасының қызметімен танысты.

Оқу орнын аралап көрген Қасым-Жомарт Тоқаев студенттермен әңгімелесіп, университеттің Құрметті қонақтар кітабына қолтаңбасын қалдырды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Жүрек төрт рет тоқтаған: Алматы облысының дәрігерлері жаңа босанған ананың өмірін аман алып қалды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына Райымбек ауданында жағдайы нашарлаған жаңа босанған әйел туралы шұғыл хабарлама келіп түсті. АККА дәрігерлері мен...