Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

21.5 C
Nur-Sultan
24.9 C
Almaty
25.8 C
Shymkent

Азаматтардың банкроттығы: заң жобасы Мәжіліске өтті

Танымал

Ел аузында

Мәжіліс «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілетін қалпына келтіру және банкроттық туралы» заң жобасын жұмысқа қабылданды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Марат Құсайынов заң жобасын қарау неге ұсынылып отырғанын түсіндірді.

«Бұл заң жобасының мақсаты – Қазақстан азаматтарының төлем қабілетсіздігіне байланысты мәселені шешуге бағытталған қазіргі заманғы төлем қабілетін қалпына келтіру институтын құру. Атап айтқанда, борышкерлерге соттан тыс банкроттық, төлем қабілетін қалпына келтіру және сот банкроттығы рәсімдері көзделген. Сонымен қатар, жауапкершілікті белгілеу де қарастырылып жатыр», – деді Құсайынов.

Қаржы және бюджет комитеті заң жобасын 2023 жылдың 26 ​​сәуіріне дейін қарап, қорытынды әзірлеуге дайын.
 
Еске салайық, бұған дейін Қаржы министрлігі азаматтардың банкроттығы туралы заң жобасы мен оған қатысты заң жобаларын әзірлеуді аяқтағаны хабарланған болатын.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного органа. В нем приняли участие помощник Президента по правовым вопросам...