Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-4.1 C
Almaty
1.3 C
Shymkent

Алматыны неге су баса береді? Маман жауап берді

Танымал

Ел аузында

Алматыда жақында ғана толассыз жауған жаңбыр салдарынан көшелер, аула, жол айрықтарындағы тоннельдер және жерасты жаяу жүргіншілер өткелдерін су басқан болатын. Шенеуніктер бір жарым сағатта бір ай нормасындағы жаңбыр жауып, нөсерлі кәріз жүйелері судың ағынына төтеп бере алмағанын айтты. Бұл мәселенің көп жылдан бері шешілмеуінің себебін маман түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме беріп.

Жыл сайын нөсер жаңбырдан кейін Алматы Венецияға айналады. Метро станциялары, жерасты өткелдері мен көше айрықтары суға толып кетеді. Күні кеше алматылықтар әлеуметтік желіде су тасқынының видеосын белсенді түрде таратқан. Біреу тіпті болған оқиғаға әзідеп, мегаполистің дәл орталығында жүзу маусымын ашып, баллон үстінде жүзіп өткен.

Алматы қаласының әкімдігі кешегі су тасқынының форс-мажорлық жағдай екенін айтты. Бір айлық жауын-шашын мөлшеріндей жаңбыр жауып өтті дейді. Сонымен қатар, су төгетін коллекторлардың көпшілігі жұмыс істемеген.

“Қалада 16 су төгетін су қоймалары бар – бұл коллекторлар. Он алтысының ішінде он екісі жұмыс істемейді. Қазір олар лайланып, жабылып қалған”, – дейді Жасыл экономика басқармасы басшысының орынбасары Серік Әділбаев.

Ал қала тұрғындары болса, су тасқынына дұрыс емес нөсер жүйесі кінәлі дейді. Арықтар нөсер жаңбырға төтеп бере алмайды дейді.

“Негізі Алматыда заманауи, толыққанды нөсерлі кәріз жүйесі жоқ. Бізде бұл функцияны орындауы керек арықтар бар. Бастапқыда, салынған кезде олар нөсерлі канализацияға мүлдем арналмаған. Арықтар үш мақсатқа жоспарланған: сумен қамтамасыз ету, суару арнасы және салқындату жүйесі. Ал 80-жылдары олар дауыл жүйесі ретінде қолданыла бастады және бұл ең арзан шешім болды. Бірақ бүгінде бұл опция ескірген. Арықтардың сыйымдылығы аз, олар экологиялық таза емес әрі қауіпсіз емес”, – дейді қала тұрғыны Диас Мұратұлы. 

Ал әкімдік қаланың ұзындығы 376 шақырымды құрайтын арық желісін салу және қайта жаңғырту жобасын әзірлеп қойғангбыз дейді және шенеуніктер қайта жаңғыртуды ескере отырып, бұл одан әрі су басуға жол бермеу керек дейді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...