Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-2.1 C
Almaty
7.3 C
Shymkent

Қазақстандықтар жұқтырып жүрген «стелс-омикронды» қалай анықтауға болады?

Танымал

Ел аузында

Қазақстандықтар вирустық инфекция жұқтыруда. Қазіргі уақытта көптеген адам тамағы ауырып, мұрнынан су ағып, қызуы көтерілуде дейді мамандар. Кейбіреулер елде коронавирустың тағы бір толқыны, дәлірек айтсақ, 12 аймақта таралып жатқан «стелс-омикронның» жаңа штамы басталады деп топшылаған. Бұл инфекцияны қалай анықтауға болады? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме беріп хабарлайды.

Ағылшын тілінен аударғанда Stealth сөзі жасырын дегенді білдіреді. Атауы вирусты анықтау оңай болмағандықтан қойылған, бірақ оның «омикроннан» көп айырмашылығы жоқ.

“Қазір бұл ең жұқпалы ауру. Оны қалай байқап отырмыз? Нақты осы вирус түрін жұқтырған адам санының артуынан көре аламыз. Ол қазір «дельтаны» да, «омикронның» да орнын алмастыруда, сондықтан оның жұқпалырақ екенін көреміз. Алайда оны қауіптірек деуге бізде дәлел жоқ”, – дейді вирусолог Әсел Мұсабекова.

Дүние жүзінде «стелс-омикронды» жұқтырғандар саны артып келеді. Ауырғандар санының артуы тіркелсе де,  өлім-жітім өсіп жатқан жоқ деп атап өтті вирусолог. Мұның бәрі көптеген вакцинаны алғандықтан. Қазақстанда қазірдің өзінде 12 аймақта «стелс-омикрон» таралып жатыр.

“Бүгінгі таңда айналымның 99 пайызы «омикронға» келеді, ал «стелс-омикронның» үлесі де өте жоғары. Бүгінгі таңда COVID-19 дерті расталған аймақтарда аурудың ауырлығына, «омикронға» байланысты. Омикронның жаңа штаммы «стелстің» жалпы белгілері суық тиюге ұқсас. Ал вирусты тек ПТР арқылы анықтауға болады. Бірақ қазір басқа инфекциялар азаматтар арасында белсенді түрде таралуда”, – дейді Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл.

“100% дерлік барлығында эндотелиит пайда болады, иммунитет күрт төмендейді. Осының нәтижесінде ұйықтап жатқан инфекциялар: стрептококктар, стафилококктар белсендірек бола түседі”, – дейді медицина ғылымдарының докторы Күләш Құрманова.

Айта кетейік, Қазақстанда вакциналардың барлық түрі бар. «Stealth-omicron» иммунитеті төмендеген, қант диабеті бар және семіздікке шалдыққан адамдар үшін қауіпті. Сондай-ақ 60 жастан асқандар үшін де қауіпті. Дәрігерлердің айтуынша, олардың арасында екпе алмағандардың 40 пайызы бар. Мамандар оқшауланып жүруге, бетперде тағуға кеңес береді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы прошли семинары для студентов по вопросам безопасности

В рамках программы повышения осведомленности и подготовки к противодействию экстремизма, в ВУЗах города Алматы прошли гостевые семинары, посвященные актуальным...