Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокста қанша табыс тапты?

Танымал

Ел аузында

Орта салмақта WBO белбеуінің «уақытша» чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының осы уақытқа дейін қанша табыс тапқаны айтылды, – деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

SurpriseSports.com порталының ақпараты бойынша, 2022 жылғы Әлімханұлының табысы 1,5 миллион еуро екен. 

«Жәнібек Әлімханұлының табысы 2020 және 2021 жылы біршама ұлғайды. Ол табысының көп бөлігін әлемнің бұрынғы чемпиондарына қарсы өткізген кездесуде тапты», – деп жазады дереккөз. 

Еске салайық, отандасымыз соңғы жекпе-жегін 22 мамыр күні Лас-Вегас қаласында Дэнни Дигнумға қарсы өткізіп, жеңіске жетті. Осылайша, Әлімханұлы орта салмақта WBO ұйымының уақытша чемпионы атанды. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Диуани Хикмет» жаңа басылымы жарық көрді

Түркі-ислам руханиятының ең құнды жәдігерлерінің бірі саналатын Диуани Хикмет кітабы Түркияда жаңа ғылыми басылым ретінде жарық көрді. Жинақты дайындаған...