Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

28 C
Nur-Sultan
29 C
Almaty
38.3 C
Shymkent

Нұр-Сұлтанда 12 жастағы бала бірнеше миллион теңге салынған сөмкені ұрлап кеткен

Танымал

Ел аузында

Нұр-Сұлтан қаласында 12 жастағы бала қостанайлық азаматтың бес миллион теңге салынған сөмкесін ұрлап кеткен. Ақша толы сөмкені бала әкесіне апарып берген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

24 мамырда 14:15-те Қостанай облысының тұрғыны полицияға шағым түсіріп, қомақты қаржы салынған сөмкесінің ұрланғанын мәлімдеген. Сөзінше, астанаға көлік сатып алу үшін келген. Сол күні 14:00-де жеңіс көшесінде үйге барып, көлікті қарамақ болыпты. Көлік иесімен сөйлесу барысында кедергі жасамау үшін ер адам сөмкесін ағаштың бұтасына іліп қойған. 

«Осы сәтте өзбек ұлтының азаматтары үйлер маңындағы қоқысты жинап жүрген. Бейне бақылау камерасына солардың бірі, яғни жасөспірімнің 5 миллион 13 мың теңге салынған сөмкені алып кеткен сәті түсіп қалған», – делінген қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер. 

Бір сағаттан кейін полицейлер ұрының жеке басын анықтаған. 12 жастағы бала үрланған сөмкені әкесіне берген. Қазір ұрлық дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр. Сөмке иесіне қайтарылды. Ал бала ювенальді полицияның бақылауына алынған. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного органа. В нем приняли участие помощник Президента по правовым вопросам...