Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
2.3 C
Shymkent

Путиннің кеңесшісі 22 жыл жұмыс істегеннен кейін Кремльден кетті

Танымал

Ел аузында

Ресейдің экс-президенті Борис Ельциннің күйеу баласы Валентин Юмашев Ресей президенті Владимир Путиннің кеңесшісі қызметінен кетті, – деп хабарлайды Reuters агенттігі.

Агенттік Юмашевтың өзінен және Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтан жауап ала алмаған.

Ельцин орталығы атқарушы директорының орынбасары Людмила Телен РИА Новостиге Юмашевтың сәуір айында қызметінен өз еркімен кеткенін айтқан.

«Юмашев осыған дейін өз өтініші бойынша президент кеңесшісі қызметін атқарды. Сәуір айынан бастап ол кеңесші қызметінен өз еркімен кетті», – деді Телен.

1997-1998 жылдары Юмашев Ресей президенті Борис Ельцин әкімшілігінің басшысы болған. Кейін Ельциннің қызы Татьянаға үйленді.

Юмашев Путиннің ерікті кеңесшісі екені 2018 жылы белгілі болды. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматыда Qazaq Expert Club алғашқы легі аяқталды: медиакеңістікке жаңа буын сарапшылары шықты

Алматыда Qazaq Expert Club алғашқы легінің қорытынды Networking іс-шарасы өтті. Бұл — сарапшыларды кәсіби коммуникация мен медиамен жұмыс істеуге...