Алматыда 1 маусымда балалар қоғамдық көлікте тегін жүреді

Танымал

Ел аузында

Алматыда 1 маусымда балалар қоғамдық көлікте тегін жүреді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Балаларды қорғау күніне орай 1 маусымда 16 жасқа дейінгі балалар қоғамдық көлікте (автобус, троллейбус, метро) тегін жүре алады», – делінген хабарламада.

Халықаралық балаларды қорғау күні жыл сайын 1 маусымда аталып өтіледі, ол 1949 жылғы қарашада бекітілген.

Балаларды қорғау күні ересектердің назарын балалардың өз пікірін еркін айтуына, білім алу құқықтары сақталуына, зорлық-зомбылықтан және өмір сүру құқығынан қорғауға аудару мақсатында өткізіледі. Ата-ана да мемлекет секілді балалардың құқықтары мен бостандықтарын мойындауы және сақтауы тиіс. Бұл туралы БҰҰ 1959 жылы қабылдаған Бала құқықтары декларациясында айтылған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Астанада заманауи цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект технологиялары талқыланды

2026 жылғы 24 сәуірде Астанада өткен Өңірлік экологиялық саммиттің үшінші күні аясында экология саласында заманауи цифрлық шешімдер мен жасанды...