Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

21 C
Nur-Sultan
17 C
Almaty
19.3 C
Shymkent

«Қажет болған жағдайда қайтадан карантин енгізуге дайын болу керек» – ДДСҰ

Танымал

Ел аузында

Бүгінде әлемде COVID-19 коронавирусын жұқтырудың 532 210 230 жағдайы тіркелді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебреисус бүкіл мемлекеттерді халықтың кем дегенде 70%-ын коронавирусқа қарсы екпемен қамтамасыз етуге және қажет болған жағдайда санитариялық шектеулерді қайта енгізуге дайын болуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ДДСҰ мәліметінше, қазір 70% көрсеткішке тек 57 мемлекет қол жеткізді, әлемде вакцинацияның орташа деңгейі – 60%.

«Барлық аймақтарда орналасқан 70-ке жуық елде COVID-19 жұқтыру жағдайлары туралы хабарламалар санының өсуі байқалды және бұл әлемде тестілеу күрт төмендеген кезде орын алады», – деді ДДҰ басшысы.

Гебреисус әлемде коронавирустың таралу жолы мен қарқынын болжау мүмкін емес екенін атап өтті. 100% вакцинациялануға тиіс ең осал топтар — медицина мамандары, 60 жастан асқан адамдар және денсаулық жағдайы нашар адамдар. Бүгінде әлемде COVID-19 коронавирусын жұқтырудың 532 210 230 жағдайы тіркелді.

Соңғы тәулікте жұқтырғандар саны 387 804 адамға өсті. Әлемде коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандардың жалпы саны – 6 312 017 адам. Сонымен қатар бүгінде 691 өлім тіркелді. Вирустан толық емделгендер саны: 503 169 548 адам.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Мойынқұмдықтар экологияға жанашырлық танытты

Қазақстанда жыл сайын өткізіліп келе жатқан "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы биыл да жалғасын тауып, ел көлемінде ауқымды қолдау тапты....