Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-12 C
Nur-Sultan
-2.1 C
Almaty
6.3 C
Shymkent

Путин сәуір айында қатерлі ісіктен емделді – Newsweek

Танымал

Ел аузында

Ресей президенті Владимир Путин сәуір айында қатерлі ісіктің үдемелі түрінен емделді. Бұл туралы АҚШ барлау қызметінің құпия баяндамасында айтылған, кейін Newsweek журналы жариялады, – деп хабарлайды Deutsche Welle агенттігі.

Басылымның мәліметінше, баяндамада наурыз айында Путинге қастандық жасалғаны да айтылған.

«Путиннің билігі мықты. Оның Кремльдегі бүкіл билігі кезінде бұрын-соңды мұндай қызу күрес болған емес, бәрі оның билігі аяқталуға жақын екенін сезеді», – дейді журнал сұхбаттастарының бірі.

Сонымен бірге, үш ақпарат көзі де Ресей басшысының оқшаулануы АҚШ барлау агенттіктерінің Путиннің денсаулығына нақты баға беруін қиындататынын, шетелдік лидерлермен кездесулерінің азаюы, бетпе-бет кездесулер арқылы алынатын ақпараттарды тоқтататынын айтты.

«Путиннің оқшаулануы ол туралы ақпарат алуды қиындатты», – деді ол.

Соңғы айларда Украинадағы соғыс қарсаңында Путиннің денсаулығы нашар деген болжам БАҚ-та бірнеше рет жарияланды. 2022 жылдың мамырында Путинмен жеке жұмыс істеген режиссер Оливер Стоун Ресей президентінің қатерлі ісік ауруымен ауыратыны туралы хабарлады. Proekt басылымы Путинді сапарларда онкологиялық ауруды емдейтін дәрігерлер тобы алып жүретінін жазды.

29 мамырда Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров француздық TF1 телеарнасына берген сұхбатында Путиннің денсаулығы нашар деген ақпаратты жоққа шығарды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...