Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

10 C
Nur-Sultan
17 C
Almaty
21.3 C
Shymkent

Францияда Еуропа қазақтарының құрылтайы өтіп жатыр

Танымал

Ел аузында

Францияда Еуропа қазақтарының құрылтайы өтіп жатыр. Жиынға Еуропалық Одақ аймағында тұратын қандастарымыз бен Түркия және Қазақстаннан делегациялар қатысты, – деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы.

Пандемиядан кейін алғаш өтіп жатқан елеулі шараға мыңға жуық адам жиналған. Еуропалық қазақтар үшін құрылтай – ерекше маңызды іс-шара. Себебі, жырақта жүрген қандастарымыздың басын қосатын мұндай жиындардың мақсаты – ұлтымыздың төл мәдениетін сақтап, ұлықтау. Құрылтайдағы елеулі іс-шаралардың бірі – футбол турнирі. Додаға түрлі елден 13 команда жиналған.

«Шетелде тұрамыз ғой… Шетелде тұрғандықтан өзіміздің мәдениет пен дәстүрімізді сақтауымыз керек. Жылына бір рет ұйымдастырылатын осындай құрылтайларда өз туыстарымызды көреміз, қандастарымызды көреміз. Сол үшін бұл іс-шара біз үшін өте маңызды»- дейді Аустриядағы қазақ диаспорасы қауымдастығының төрағасы Ертұғрұл Шолпан.

Құрылтайды Франциядағы қазақтар мен Париждегі қазақстандық дипломаттар және «Отандастар» қоры ұйымдастырған. Іс-шара бағдарламасы барынша мазмұнды әрі пайдалы етіп құрылған. Іс-шара аясында Еуропадағы диаспоралардың кездесуі, этнодизайнер Қазипа Қалиқызының дәрісі, әр елден жиналған өнер адамдарының концерттерін өткізу қарастырылған. Тіпті жастар үшін би кешін өткізу ойластырылған.    

«Еуропаның ортасында Париждің төрінде қазақтың туын көтерер қоғам бар. Бұл қоғамды келе жатқан ұрпақ ата салт-дәстүрін, тілін ұмытпасын деген мақсатпен құрылды», – дейді Франциядағы Түрік қазақтары қауымдастығының президенті Есімхан Назир.

Париж құрылтайы бағдарламасында мәдени көрікті жерлерге айналған Абай мен Мұстафа Шоқай ескерткішіне тағзым ету де қамтылған.  

Отандастар қорының мәліметіне қарағанда, қазір тарихи Отаннан жырақта жүрген қазақтардың саны 8 миллионнан асады. Қандастарымыздың Қазақстанмен мәдени байланысы жемісті дамып келеді. Енді әлемнің әр еліндегі қазақ диаспораларының ынтымақтастығын нығайту көзделіп отыр.  

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Мажарстан исламдық сәулет өнерінің мұрасы»

2024 ж. 13 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі және Мажарстанның Бас Консулдығы бірлесіп «Мажарстан исламдық сәулет...