0
    60
    Бүгін сергек ояндым. Жалмажан жан-жағыма қарадым. Сол баяғы он бес жыл бұрын салған үйім. Еш өзгермепті. Көшеге шықтым. Көшеде де ешқандай өзгеріс жоқ. Бүгінгі Алматы кешегі Алматы сияқты. Алматы өзгермесе де, Қазақстан өзгерген шығар. Аралап көріп шығу керек еді. Оған уақыт жоқ. Жұмыс істеу керек. Қазақстанның басқа жерлерінде тұратындардан сұрап көрейінші. Сіздерде бірдеңе өзгерді ме, а?