Елімізде билік өкілдеріне бағынбағаны үшін тағайындалатын жаза қатаңдатылады. Қылмыстық кодекске енгізілетін сәйкес өзгерістерді мәжіліс депутаттары мақұлдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Депутат Гүлнар Бижанова мәжілістің палатасының кезекті отырысында өзгерістердің қаңтар оқиғасынан кейін енгізілгенін мәлімдеді.
«Қылмыстық кодекске енгізілетін өзгерістер бидік өкілінің бағынбағаны үшін, оған қатысты күш қолданғаны үшін, Төтенше жағдай кезіндегі жаппай тәртіпсіздіктер барысында және антитеррористік операция жүріп жатқан аумақта қастандық жасағаны үшін тағайындалатын жазаны қатаңдатады», – деді депутат.
Қазіргі Қылмыстық кодекстің 379-бабы бойынша ТЖ кезінде билік өкіліне бағынбағаны үшін 2 000 АЕК көлемінде (6 млн 360 мың теңге) айыппұл, 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыс істеу немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Депутаттар бұл норманы қатаңдатып, бас бостандығынан айыру мерзімін 1 жылға, яғни 3 жылға дейін ұзартқан. Сонымен қатар заңға «жаппай тәртіпсіздік кезінде» деген сөз қосылады.